Түркия полициясы Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығында тінту жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия полициясы Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығында тінту жүргізді

16.10.2018

Түркия полициясы Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығында 9 сағат бойы тінту жүргізді. Олар қазанның екісінде журналист Джамаль Хашоггидің осы ғимаратқа кіргеннен кейін ізім-ғайып жоғалып кетуін тергеп жатыр. Түрік билігі консулдықта журналист азапталып, кейін өлтірілді деп күдіктенеді.

АҚШ-қа көшкен Джамаль Хашогги Саудия корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманды сынап келген еді. «CNN» және «Нью-Йорк Таймстың» хабарлауынша, Сауд Арабиясы журналистің өлімін мойындап, оның жауап алу кезінде барлау қызметкері қолынан қаза тапқаны туралы мәлімдеме жасамақ.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу