Грекияда шерушілер полицейлермен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда шерушілер полицейлермен қақтығысты

07.12.2022

Грекия астанасы мен Салоники қаласында шерулер қақтығысқа ұласты. Мыңдаған адам қатысқан наразылық акциясы кезінде 35 адам тұтқындалған. Афины тұрғындары 14 жыл бұрын тәртіп сақшылары атып өлтірген 15 жасар Александрос Григорополосты еске алу үшін көшеге шықты.

Олар полицейлерге отты шөлмек лақтырып, қоқыс жәшіктеріне өрт қойды. Қауіпсіздік күштері болса, шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ бен шулы граната қолданған.

Ал Салоники тұрғындары дүйсенбіде 16 жасар жеткіншек оққа ұшып, ауруханаға түскен соң демонстрация ұйымдастырып отыр. 

Хабарламаларға жазылу