Таяу Шығыста жағдай шиеленісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу Шығыста жағдай шиеленісті

07.04.2023

Бұл Израильдің жауап ретінде Ливан мен Газа аумағына артиллериядан соққы берген сәті. Газа секторына әр 10 минут сайын 20 шақты аппарат жіберілген. Ал бұған дейін Ливанның оңтүстігінен Израиль территориясына ракеталар ұшырылды. Бұл соңғы 17 жылда Израильдің солтүстіктегі көршісінен жасалған ең ірі шабуыл. Еврей мемлекеті бұған Хамас қарулы тобын айыптап отыр. Ал аталған топ мұны растамады, тіпті жоққа да шығармады. Жағдайдың бұлайша шиеленісуіне осы аптада Израиль полициясы Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінде рейд жүргізіп, ондаған палестиналықпен қақтығысуы себеп болған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу