Каталонияда шерулер өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияда шерулер өтуде

01.10.2018

Испаниядан тәуелсіздік алуға ұмтылып жүрген Каталонияда егемендік жақтастары Жирона қаласындағы үкіметтік ғимараттан Испания туын алып тастап, орнына каталон жерлерінің «Эстелада» атты ресми емес жалауын ілген.

Наразылық акциясын сепаратистік «Республиканы қорғау комитеті» ұйымдастырып отыр. Каталонияда бұдан өзге бірнеше шеру өтіп жатыр. Солардың қатарында студенттердің ауқымды демонстрациясын атап өтуге болады.

Бұл акциялардың барлығы 1 жыл бұрын дәл осы күні өткен тәуелсіздік референдумын еске алуға бағытталған. Естеріңізде болса, былтырғы референдум нәтижесін Корольдіктің Жоғарғы соты заңсыз деп жариялап, Мадрид Каталонияға тікелей басқару жүйесін енгізді. Ал, соңғы мәліметке сай, автономдық ауданның Испаниядан бөлінуін жақтайтындар мен оған қарсылардың саны шамамен тең болып отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу