Барселонада жүздеген өрт сөндіруші шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада жүздеген өрт сөндіруші шеруге шықты

29.09.2017

Испанияда шерулер өрши түсті. Елдің Барселона қаласында студенттерге қоса, енді екі жүзге жуық өрт сөндіруші шеруге шықты. Ереуілшілердің талабы - Каталонияда тәуелсіздік туралы референдумды өткізу. Наразы халық Каталония тарихи мұражайының төбесіне «Мен демократияны сүйемін» деген үлкен баннер іліп қойды. Сондай-ақ, демонстранттардың көбі «өрт сөндірушілер тәуелсіздік үшін» және «біз дауыс береміз» деген жазулары бар футболкалар киіп алған.

Ал, Испания үкіметі болса, бұл референдумның өтуіне жол бермейміз және дауыс беру бөлімшелерін полиция бақылап отырады деп ескертті.

Мамандардың пайымдауынша, жылдар бойы шешілмей келе жатқан даулы мәселе Испанияны үлкен саяси дағдарысқа ұшыратады деген қауіп бар.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу