АҚШ-тың Каролина штатында «Флоренс» дауылы күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Каролина штатында «Флоренс» дауылы күшейіп келеді

17.09.2018

Солтүстік Каролинада апаттан қаза тапқандардың саны 11-ге жетті. Ел президенті Дональд Трамп штатта төтенше жағдай жариялады. Қауіп төнген өңірлерден 22 мыңға жуық адам эвакуацияланып, уақытша шатырлар,  мектептер мен шіркеулерге  орналастырылған. 

Ауа райын болжаушылар, шығыс жағалауларда төпелеп жауған нөсерден жағдай ушығуы мүмкін деп отыр. Соңғы деректер бойынша, жолдар өзенге айналып, ағаштар құлап жатыр.  Екпінді желдің жылдамдығы сағатына 72 шақырымға жетті. 1 миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалғаны белгілі болды. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу