АҚШ-та «Флоренс» дауылынан 188 мың үй жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та «Флоренс» дауылынан 188 мың үй жарықсыз қалды

14.09.2018

АҚШ-тың Каролина штатына «Флоренс» дауылы соққы беріп, 188 мың үй мен кеңсе жарықсыз қалды. Кей аймақтарда екпінді желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымға жетіп, толассыз жауған нөсерден үйлер су астында қалып отыр. Соңғы деректер бойынша қазір миллиондаған жергілікті тұрғынға қауіп төніп, көбісі эвакуацияланып жатыр.Сонымен қатар, электр қуатын қамтамасыз ететін «Duke Energy Corporation» компаниясы өкілінің сөзінше, дүлей дауыл салдарынан 3 миллионға жуық үйде жарық сөнуі мүмкін. Ал, электр жүйесін жөндеуге бірнеше апта уақыт кетіп, ол жұмысқа 20 мыңнан астам қызметкер тартылуы мүмкін. Айта кететін тағы бір жайт, дауылға байланысты бұл өңірде төтенше жағдай жарияланып отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу