Тегеранда Сирия жөніндегі саммит басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда Сирия жөніндегі саммит басталады

07.09.2018

Бүгін Тегеранда Ресей, Иран, Түркия президенттерінің саммиті басталады. Осыдан бірер сағат бұрын Ислам Республикасының астанасына Кремль басшысы Владимир Путин мен оның түркиялық әріптесі Реджеп Тайып Ердоған барды.

Кездесудің басты тақырыбы – Сирияда оппозиция қолында қалған соңғы провинция - Идлиб жайында. Президент Башар Асад армиясы Иран, Ресей күштерімен бірігіп, бұл аймақты көтерілісшілерден азат етуге әзірленіп жатыр. Алайда, Түркия Идлиб операциясы басталса, өз аумағына Сириядан мыңдаған босқын кіреді деп қауіптеніп отыр. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының ескертуінше, бұл шайқас гуманитарлық апатқа ұласып, мыңдаған адам қаза тауып, 700 мыңдай тұрғын үйлерін тастап кетуі мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК         

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу