Анкарада Сирия бойынша үшжақты саммит басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада Сирия бойынша үшжақты саммит басталды

04.04.2018

Анкарада Сирия бойынша үшжақты саммит басталды. Оған Ресей, Түркия мен Иран басшылары жиналған.

Кездесудің басты тақырыбы – Араб Республикасындағы қазіргі жағдай және дағдарысты реттеу үшін қажетті шараларды қолдану.

Реджеп Тайып Ердоған, Владимир Путин мен Хасан Рухани егемендікті қорғау, тәуелсіздік пен Сирияның аумақтық тұтастығын сақтау мәселелеріне ерекше көңіл аудармақ.

Айта кетсек, осы жүздесуге дейін Түркия, Ресей мен Иранның Сыртқы істер министрлері кездескен еді. Келіссөздер Астанада наурыздың 16-да болған.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу