Сирия жөніндегі келіссөздер басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия жөніндегі келіссөздер басталады

29.01.2016
Сирия жөніндегі келіссөздер басталады
Бүгін Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымының арағайындығымен Сириядағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер басталуы керек. Алайда, оған Сирияның басты оппозициясының өкілдері әлі бармаған. Олар бұған дейін әуе шабуылы мен блокаданы тоқтату туралы талап қойған.

Соған қарамастан, бүгін Женеваға Сирияның үкіметтік делегациясы жетуі тиіс. Бірқатар, бақылаушылардың ойынша, оппозиция қатыспаса, бұл келіссөздерде мағына болмайды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу