Талдықорғанда жол жиегіне қажет бояудың 20-дан астам түрі өндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жол жиегіне қажет бояудың 20-дан астам түрі өндіріледі

06.11.2014
Талдықорғанда жол жиегіне қажет бояудың 20-дан астам түрі өндіріледі

Талдықорғанда өндірілетін өндірістік бояу Қазақстан жолдарына қолданылуда.

«Ғасыр жобасы» саналатын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінде жол белгілерін салуға талдықорғандық кәсіпорынның өнімі қолданылды. 

Кәсіпорын жол жиегіне қажет бояудың 20-дан астам түрін өндіреді. Жылына 2 мың тонна өнім шығарады.

Сұранысқа байланысты өнім көлемін арттыруға толық мүмкіндігі бар.

Жаңа жолдар салынып, ескілері жөндеуден өткен сайын кәсіпорын өніміне сұраныс артуда.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу