Елордада су басу қаупі бар 30-дан астам учаске анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада су басу қаупі бар 30-дан астам учаске анықталды

24.02.2020
Елордада су басу қаупі бар 30-дан астам учаске анықталды

Комиссия қала аумағында су басу қаупі бар 30-дан астам учаскені анықтады. Қазір алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Арықтарды, нөсерлік кәріз жүйелерін тазарту жалғасуда. 

Бұдан басқа, Есіл өзенінің арнасын (Ш.Бейсекова көшесіндегі көпірге дейін аудан) кеңейту аяқталды. Қазір арнаны қайта жаңарту, су реттейтін бөгет салу қолға алынған. 

«Су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту қажет. Елді мекендерге баса назар аударуымыз керек. Жеке сектор тұрғындарына үйінің шатырын және іргелес аумақты қардан уақытылы тазалау туралы хабарлама беріліп жатыр. Тұрғындар ауласындағы қарды жол жиегіне шығарып жинаған кезде ғана коммуналдық қызметтер алып кетеді. Елді мекендер ерекше бақылауда. Айталық, Ильинкада бөгет нығайтылды, ал Көктал-1 елді мекенінде уақытша құм бөгет салынды. «Өндіріс» ТА-да өзен арнасын қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде, бұл өзен суының кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қала мен шеткері аймақтарды су тасқынынан қорғайтын контрегулятордың жұмыс режімі бекітілді. Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Майбалық көлінен Нұра-Есіл каналына дейін жұмыс істеп тұрған арнаның өткізу қабілеті арттырылады.

Хабарламаларға жазылу