Талдықорғанда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі жылусыз қалды

06.02.2023

Талдықорғанда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі жылусыз қалды. 4 шағын ауданда 70-ке жуық көпқабатты, 30-дан астам жеке тұрғын үй мен 12 бюджеттік мекемеге жылу және ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда құбырды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл соңғы бір аптада болған екінші апатты жағдай. Облыс орталығындағы жылу құбырларының 70 пайызы ескірген.

Дидар Сапиров, «Талдықорғанжылусервис» МКК басшысының орынбасары:

Өздеріңіз көріп отырсыздар 10 арнайы техника, 20-дан астам адам жұмыс жасап жатыр. Осы күннің аяғына дейін сағат төрт-беске дейін жұмысты бітіруге уәде беріп отырмыз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу