Скрипальдар ісіне қатысты 2 күдікті аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Скрипальдар ісіне қатысты 2 күдікті аталды

05.09.2018

Скотленд-Ярд ресейлік бұрыңғы тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызын улауға қатысы бар екі күдіктінің есімдерін атады. Британ полициясының дерегінше, олар - Александр Петров пен Руслан Боширов. Дегенмен, бұл екеуінің есімдері жалған болуы мүмкін екені де ескертілді. Күдіктілердің фотосуреттері жария етілген.

Полицияның айтуынша, оларға айып тағуға негіз жетерлік. Британия корольдік прокуратурасы екі ресейлікті тұтқындауға еуропалық ордер берді. Дегенмен, Ресей конституциясы бойынша, оларды экстрадициялауға жол жоқ. Полицияның мәліметінше, жоғарыда аталған екі күдікті наурыздың 2-сінде Мәскеуден Лондонға ұшып, келесі күні Солсбериге пойызбен аттанып, дәл сол күннің кешінде Лондонға қайта оралған. Ал, наурыздың 4-де олар Солсбериге қайта барып, Скрипальдар тұратын үй жанында бейнекамераға түсіп қалған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу