Ұлыбританияда терактіге қатысты тағы 2 күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда терактіге қатысты тағы 2 күдікті ұсталды

24.03.2017

Ұлыбританияда терактіге қатысы бар деген күдікпен тағы 2 адам ұсталды. Осылайша, тергеу амалдары барысында 10 кісі тұтқындалып отыр. Бір әйел кепілдікпен босатылған.

Сонымен қатар, бүгін шабуыл құрбандарының саны 5-ке жетті. Қайтыс болған бесінші адам Лондонның 75 жастағы тұрғыны. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жараланғандардың дені  әлі ауруханаларда. Олардың екеуі ауыр халде.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу