Түркия президенті ұлттық валюта – лираның шабуылға ұшырап жатқанын мәлімдеді. Бірақ, Реджеп Тайып Ердоған сөзінше, оның үкіметі бұған төтеп беріп, қаржылық тұрақсыздықты еңсеруге қауқарлы.
Айта кетсек, биыл түрік лирасы 42 пайызға құнсызданды. Дегенмен, ол бүгін доллардың қасында біршама күшейген. Оған ұлттық валютамен сақталған депозитке салықтың төмендеуі себепші.
Тағы бір сөзінде Ердоған НАТО-ның мүшесі - Түркияның таяуда Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алатынын мәлімдеді. Алайда, бұл шешім АҚШ-ты алаңдатып отыр. Өйткені, Вашингтон мұндай қадам Америкада жасалған қару мен технологияны қауіпке душар етеді деп есептейді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.