БҰҰ Йеменге бейсенбіде жасалған әуе соққысын сынға алды. Бұған қоса, халықаралық ұйым қарулы қақтығыстар тоқтамай жатқан елде бейбіт тұрғындардың қазасының жиілеуіне орай тергеу жүргізуге үндеп отыр. Йемендегі Дахиан қаласындағы базарға жасалған әуе соққысынан 40 адам қаза тапты. Олардың 21-і - 15 жасқа толмаған балалар. 60 адам жараланған. БҰҰ -ның дерегінше, 2015 жылдың наурызынан бері бұл елде 6,5 мың бейбіт тұрғын қаза тауып, 10 мыңнан астамы жараланған.
Элизабет Тросселл, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының өкілі:
- Йемендегі бейсенбіде болған әуе шабуылын қатаң сынға аламыз. Қарапайым тұрғындардың өлімінің жиілеуі алаңдатып отыр. Сонымен бірге, Йеменде көмекке мұқтаж балалардың саны ұлғайып келеді. 11 миллион бала, яғни, елдегі әр бала гуманитарлық көмекке зәру.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.