Мелания Трамптың ата-анасы АҚШ азаматтығын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мелания Трамптың ата-анасы АҚШ азаматтығын алды

10.08.2018

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың ата-анасы АҚШ азаматтығын алды. Нью-Йоркте олардың ант қабылдау рәсімі өткен. Виктор мен Амалия Кнавтардың адвокаты Майкл Уайлдстың айтуынша, президенттің ата-енесі азаматтықты алу үшін қатардағы миллиондаған адам тәрізді барлық процедурадан өткен. Дональд Трамптың жұбайы Мелания Трамптың өзі Словениядан Құрама Штаттарға 1996 жылы барып, 2006 жылы осы елдің азаматшасы атанған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу