Израильдегі жаңа қалаға Трамп атауы берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдегі жаңа қалаға Трамп атауы берілмек

24.04.2019

Израиль Голан жоталарындағы жаңа қалаға АҚШ президенті Дональд Трамптың атын беретінін жариялады. Ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мұны «Трампқа деген халық құрметі» деп мәлімдеді. Израиль Голан жоталарын Сириядан 1967 жылғы соғыста жаулап алды. Дегенмен, сол территорияларға еврей мемлекетінің билігін халықаралық қауымдастық мойындамай келеді.

Өткен айда Трамп Голанды Израиль жері деп танитын жарлыққа қол қойып, ел астанасын Иерусалимге көшіру туралы шешімге қолдау көрсеткен. Бұған ризашылық білдірген Нетаньяху Иерусалимдегі теміржол станциясына да Трамптың есімі берілетінін атап өтті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу