Трамп туралы кітап саудаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп туралы кітап саудаға түсті

05.01.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп өзі туралы жарық көрген кітапты «қалтымша өтірік» деп атады. Журналист Майкл Уолфф жазған бұл шығарма бүгін саудаға түсті. Ол «Жалын мен қаһар: Трамптың Ақ үйі» деп аталады. Кітапта Трамптың сайлауда жеңетініне өзі де сенбегені, ал, президент атанғанда таңқалғаны айтылады. Сонымен қатар, мемлекет басшысының бұрынғы көмекшісі Стив Беннон Трамптың ұлының Хиллари Клинтонға компромат жинау үшін ресейліктермен кездесуін «сатқындық» деп қабылдаған. Сондай-ақ, автордың сөзінше, Трамптың әйелі Мелания күйеуі сайлауда жеңгенде, қуаныштан емес, қайғыдан жылапты. Қызы Иванка болса, Американың бірінші әйел президенті болуды армандап жүр. Репортердің тағы бір сөзінше, ең алғаш кіргенде Ақ үй Трампқа мазасы әрі қорқынышты болып көрінген екен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу