Индонезияда жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты

30.07.2018

Соңғы мәліметтерге сай, Индонезияда болған зілзала құрбандарының саны 16-ға жетіп, 67 адам жараланған.

Қуаты 6,4 баллдық жер сілкінісінен Ломбок аралы орасан зардап шекті. Мұнда 1 мыңдай  баспана қирап, электр жарығы өшкен. Адамдардың кейбіреуі Ринджани тауынан үстілеріне тас құлап, қаза тапқан.

«Рейтердің» мәліметінше, дүмпу кезінде сел жүріп, 689 альпинист тау басында қалып қойған. Құтқарушылар оларға көмекке атанды. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу