Филиппинде жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты

23.04.2019

Филиппинді қуатты жер сілкінісі теңселтті. Зілзала елдің Лузон аралында болған. Апаттан 11 адам қаза тапқан. Дүмпу Маниладағы Кларк халықаралық әуежайының бір терминалын зақымдаған. Осыған орай бұл нысан 24 сағатқа жабылды.

Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде Порак атты қалашықта көпқабатты ғимарат астында бірнеше адам қалып қойған. Оларды шығарып алуға құтқарушылар жіберілді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу