Пәкістанда парламенттік сайлауда Имран Хан жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда парламенттік сайлауда Имран Хан жеңіске жетті

27.07.2018

Пәкістанда крикет ойыны бойынша аты аңызға айналған Имран Хан парламенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялады. Соңғы нәтиже бүгін жариялануы керек.

Имран Хан АҚШ-пен байланыстан пайда көре отырып, Ауғанстанмен, Үндістанмен елдің қатынастарын жақсартуға уәде берді. Сонымен қатар, оның үкіметі былтыр желтоқсаннан бері төрт мәрте девальвацияға ұшыраған ұлттық ақша дағдарысын еңсеруі тиіс.

Соңғы мәліметке қарағанда, Ханның «Пәкістан әділет қозғалысы» атты партиясы Ұлттық ассамблеядағы 272 орынның 115-ін иеленген. Дегенмен, бұл көрсеткіш министрлер кабинетін жеке дара жасақтауға жеткіліксіз. Сондықтан, Имран Ханға өзге партиялармен бірігіп, коалициялық үкімет құруға тура келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу