Пәкістан экс-премьер жақтастары полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістан экс-премьер жақтастары полициямен қақтығысты

10.05.2023
0:00:00
0:00:00

Пәкістанда қамауға алынған бұрынғы премьер-министр Имран Ханның жақтастары полициямен қақтығысты. Тәртіп сақшылары саясаткер отырған полиция бөлімшесі жанына жиналғандарды тарату үшін газ қолданған. Исламабадтағы бұл мекемеде Имран Ханға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 70 жастағы экс-премьер кеше тұтқындалды. Осыдан кейін оның жақтастары жаппай шеруге шыққан. Тәртіпсіздік басталып, 8 адам көз жұмды. Жарақат алғандар бар. Демонстранттар мемлекеттік маңызды ғимараттарға шабуыл жасап, жеке және қоғамдық көліктерге зақым келтірген. Қазір елдің 3 провинциясында төтенше бұйрық күшіне еніп, жиналыстарға тыйым салынды. Мектептер, тас жолдар жабылған. Полиция рейд жүргізіп, Имран Ханның жақтастарын да қамауға алды. Жалпы шерулерден кейін мыңға жуық адам тұтқындалған. 4 жылға жуық премьер-министр болған 70 жастағы Имран Хан былтыр сәуірде қызметінен кетірілді. Кейін саясаткерге сыбайлас жемқорлық, бүлікке итермелеу тәрізді ондаған айып тағылған. Алайда ол кінәлардың барлығын жоққа шығарды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу