Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан заңсыз тұтқындалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан заңсыз тұтқындалған

12.05.2023

Пәкістанның Жоғарғы соты бұрынғы премьер-министр Имран Ханның заңсыз тұтқындалғаны туралы қаулы шығарды. Оппозиция лидері Хан былтыр сәуірде биліктен аластатылды. Содан кейін оған коррупция, терроризм баптары бойынша айып тағылды. Алайда Имран Хан мұның бәрін жоққа шығарып, өзінің парламенттік сайлауға қатысу жоспарын жариялағасын қудаланғанын мәлімдеп отыр.

Айта кетсек, Хан қамалғаннан кейін оның мыңдаған жақтасы жаппай шеруге шықты. Демонстрациялар тәртіпсіздіктерге ұласып, бірнеше адам қаза тапқан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу