Бүгін әлем халқы Айдың тұтылуын тамашалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін әлем халқы Айдың тұтылуын тамашалайды

27.07.2018

Бүгін әлем халқы Айдың Жер көлеңкесінде қалу құбылысына куә болады. Ол осы жолы соңғы бір ғасырда ең ұзақ тұтылайын деп отыр. Ерекше құбылыс 3 сағат 55 минутқа созылады.

Үндістан тұрғындары да тарихи сәтті тамашалауға барынша дайындалып жатыр. Бірақ, оларға жауын-шашын мен бұлтты аспан кедергі келтіруі мүмкін.

Дегенмен, үнділік астрологтар мен дін қызметшілері тұрғындарға үйде отыру туралы кеңес берді. Олардың айтуынша, айдың тұтылуы жердегі өмірге терең әсер етуі мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу