АҚШ-та Күн тұтыларда жалған көзілдірік көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Күн тұтыларда жалған көзілдірік көбейді

11.08.2017

Айта кетсек, Құрама Штаттардың миллиондаған жұрты бүкіл елді бір ғасырда бір мәрте қара түнекке бөлейтін астрономиялық құбылысты тамыздың 21-де тамашалайды. Сол кезде Күн Американың бір жағалауынан екінші жағалауына дейін тұтылуы мүмкін. Осы тарихи сәт қарсаңында арнайы қағаз көзілдірікке сұраныс күрт артты. Олардың бағасы - 99 цент пен 30 доллар аралығында. Күннің тұтылуын 250 мың есе анық көрсететін мұндай көзілдірікті тақпаған адамның жанарына дақ түсуі ғажап емес. Бірақ, алаяқтар халықтың денсаулығын ойлап жатқан жоқ. «Олар жасаған сапасыз әрі қауіпті көзілдіріктер сауда орындарында қаптап барады» - деп хабарлайды әлем ақпарат құралдары.

 

 Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу