Чилиде халық Айдың толуын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде халық Айдың толуын тамашалады

21.01.2019

Бүгін Чилидің Сантьяго қаласында ондаған адам тауда орналасқан обсерваторияда Айдың толық тұтылуын өз көздерімен тамашалады.

Бұл жолы қала тұрғындары оның «қан қызылға» боялғанын байқаған. Айта кету керек, кейде бұл құбылысты Чилиде «мінсіз қан қызыл қасқырлар айының» көрінісі деп атайды.

Сонымен қатар, Айдың толық немесе жартылай тұтылғанын  Рио-де-Жанейро, Лос-Анджелес, Иерусалим, Куба, Еуропа, Африка тұрғындары да қызықтады.

Алуа ТӘЖІҒАЛИЕВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу