Сенбі күні Ай бірнеше минутқа түсін өзгертпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенбі күні Ай бірнеше минутқа түсін өзгертпек

03.04.2015
Сенбі күні Ай бірнеше минутқа түсін өзгертпек

Сәуір айының 3-нен 4-не қараған түні Жер шарының тұрғындары соңғы 100 жылда болған ең қысқа Айдың толық тұтылуын тамашалай алады. Бұл кезде Жердің көлеңкесі Айды алқызыл түске бояйды.

Астрономдардың айтуынша, құбылысты Гринвич бойынша сағат 09:00-де тамашалауға болады. Және оның ұзақтығы тек 5 минутқа ғана созылмақ.

Айта кетейік, «алқызыл түсті Айды» Қиыр Шығыстың, Шығыс Сібірдің, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің, АҚШ пен Канада, сондай-ақ, Мексика мен Австрилия елдерінің тұрғындары көре алады. Ал, құбылысты көруге мүмкіндігі жоқ елдерге NASA «Slooh» интернет-обсерваториясымен бірлесіп, Айдың тұтылуын трансляцияламақ.

Хабарламаларға жазылу