Британдықтардың көбі Трампты қолдамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британдықтардың көбі Трампты қолдамайды

13.07.2018

Егер Ұлыбритания Еуропа одағынан шығатын болса, бұл корольдік пен АҚШ сауда келісімін жасай алмауы мүмкін. Мұны Лондонға алғашқы сапарында АҚШ президенті Дональд Трамп айтты. Ақ үй басшысының ойынша, аталған келісім жобасы Құрама Штаттарға тиімсіз. Ал, британ премьері Тереза Мэйдің мәлімдеуінше, «брексит»  экономикалық тұрғыдан Вашингтонға да, Лондонға да пайдалы.

Трамптың пікірінше, Ұлыбритания үкіметін Мэй емес, бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Джонсон басқарғаны жөн болар еді. Айта кетсек, Джонсон премьер-министрдің саясатымен келіспегендіктен, жақында отставкаға кетті.

Соңғы мәліметке қарағанда, Лондонда Трампқа қарсы шеруге ондаған мың адам қатысты. Демонстранттардың ойынша, Трамп президенттікке лайық емес адам және ол Американы әлем алдында масқаралап келеді.

«YouGov» компаниясы жүргізген сауалнама қорытындысына жүгінсек, британдықтардың 77 пайызы Дональд Трампты қолдамайтындарын айтқан.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу