Ұлыбританияда инфляция рекордтық деңгейге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда инфляция рекордтық деңгейге өсті

13.12.2017

Ұлыбританияда инфляция деңгейі күтпеген жерден 2012 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Елдің Ұлттық статистикалық басқармасы осындай дерек келтірді. Қарашада тұтыну бағасы 3,1 пайызға өсіп кеткен. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 1 пайызға артық. Бағалардың өсуіне «Брекситке» қатысты фунт стерлинг құнының әлсіреуі әсер еткен. Сәйкесінше, импорт қымбаттап, британдықтардың кірісі төмендеді. Өйткені, еңбекақы өсімі де баяу. Енді Англия банкі қымбатшылыққа қарсы қандай да бір жоспарын ұсынуы тиіс.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу