Дональд Трамптың рейтингі өсті

08.02.2018

Америкалықтардың 40 пайызы президент Дональд Трампты қолдайды. Бірінші орында мемлекет басшысының экономика саласындағы жетістіктеріне басты назар бөлінген. Елдің Квинни Пэкс университеті жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысы осындай. Оған сай, Трампты қолдау рейтингі соңғы 7 айдағы ең үлкен көрсеткішке жеткен. Сұралғандардың 51 пайызы Ақ үй басшысының экономикалық мәселелерді шешуіне көңілі толса, 57 пайызы Трамптың сыртқы саясаттағы және көші-қон сұрақтарына қатысты ұстанымын қолдамайды. Бұл сауалнама АҚШ-та 1 мың үш жүздей ресми тіркелген сайлаушы арасында жүргізілген.    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу