Басты Жаңалықтар Таиландта үңгірде қалып қойған балалар түгел құтқарылды

Таиландта үңгірде қалып қойған балалар түгел құтқарылды

Таиландта екі аптадан астам уақыт бойы су басқан үңгірден шыға алмаған 12 бала мен олардың жаттықтырушысы аман-есен құтқарылды. Мұны бірер сағат бұрын осы елдің теңіз күштерінің өкілдері мәлімдеді. Ал, «Ассоушиэйтид пресс» агенттігі сол маңда тұрған соңғы үш жедел жәрдем машинасы кеткенін хабарлап отыр.

11-16 жас аралығындағы 12 бала мен олардың 25 жастағы жаттықтырушысы маусымның 23-де үңгірді аралауға кірген. Алайда, жаңбыр құйғанда, ішке топан су кіріп, олар әрі қарай 4 шақырымға кетіп қалған. Жас футболшылар командасын британдық дайверлер өткен аптада тауып алды.

Үш күнге созылған құтқару операциясын бүкіл әлем жұртшылығы қадағалады.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу