Қытайда тасқыннан мыңдаған адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тасқыннан мыңдаған адам зардап шекті

05.07.2018

Қытайдың оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Көшелердің тез арада өзенге айналуына төпелеп жауған жаңбыр себепші.

Әсіресе, Сычуань провинциясындағы жағдай қиын. Мұнда көлік қатынасы қиындап, талай адам діттеген жеріне дер кезінде жете алмады. Сонымен қатар, топан су жүздеген гектар егістік алқабын басты. Ал, Шэньси провинциясында он мыңнан астам адам эвакуацияланған. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу