Қытайда тайфуннан 10 млн адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тайфуннан 10 млн адам зардап шекті

13.08.2019

Қытайдың 8 провинциясында «Лекима» тайфунының соққысынан 10 миллионнан астам адам зардап шекті. Мұны бүгін осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Оның дерегінше, 8100 үй қирап, 800 мың гектарға жуық егістік алқабын су шайып кеткен.

Қазір көшелер өзенге айналып, көлік қатынасы қиындап отыр. Суға кеткен аудандарда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Бұл операцияға 30 мыңдай өрт сөндіруші, жауынгер, полицей және мемлекеттік қызметкерлер тартылды.

Метеорологтың ескертуінше, жаңбыр енді елдің солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында құюы мүмкін.

Осыған дейін әлем ақпарат құралдары алапат дауыл мен тасқыннан Қытайда ондаған адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу