Австралияда алапат тасқыннан мыңдаған адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда алапат тасқыннан мыңдаған адам зардап шекті

17.10.2022

Австралияның оңтүстік-шығыс аймақтарында алапат тасқыннан мыңдаған адам зардап шекті. Дегенмен, олардың бір бөлігі эвакуация туралы ескерту әлі сақталып тұрса да, үйлеріне оралып жатыр. Соңғы күндері Мельбурнды және Виктория, Жаңа Оңтүстік Уэлс штаттарының айтарлықтай бөлігі мен Тасмания аралын топан су жайлап, көшелер өзенге айналды. Бұл аймақтарда жауын апталап жауған. Австралияның ауа-райы бюросының болжамынша, осы штаттардың кейбір аудандарында Ттағы жаңбыр жаууы мүмкін. Сондықтан, жергілікті билік қауіпсіз жерге көшу туралы дабылды доғармай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу