Сирия әскері елдің оңтүстік-батысы үшін шайқаста басымдық байқатып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия әскері елдің оңтүстік-батысы үшін шайқаста басымдық байқатып отыр

05.07.2018

Соңғы мәліметке қарағанда, армияға Ресей әуе күштері көмектесіп, көтерілісшілердің позицияларына аспаннан соққы беріп жатыр. Дераа провинциясында бірнеше елді мекен Асад күштеріне өз еркімен берілген.

Оппозиция мен үкімет өткен аптаның соңында бейбіт келіссөздерді бастаған-ды. Бірақ, ол сәтсіздікпен аяқталды. Өйткені, содырлар қаруын тастаудан бас тартып отыр.

Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафади ескерткендей, екі жақ ымыраға келмесе, бұл аймақ гуманитарлық апатқа душар болуы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, соңғы бірнеше аптада оңтүстік-батыстағы әскери жанжалдар кесірінен 270 мыңдай адам үйлерін тастап кеткен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу