Индонезияның Тоба көлінде жолаушылар мінген паром суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияның Тоба көлінде жолаушылар мінген паром суға кетті

19.06.2018

Индонезияның Тоба көлінде паром суға кетіп, 18 адам құтқарылды. 1 адам қаза тапқан. Шамамен 49 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Бастапқыда су көлігінде 80 адам болды деген мәлімет тараған еді. Дегенмен, кейбір деректерге сай, паромға кемінде 130 адам мінсе керек.

Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп. Биікке көтерілген толқындардың күшімен кеме өзге бір ағаш қайықпен соқтығысқан. Күшті жел қазір де құтқару-іздеу жұмыстарын қиындатып отыр. Рамазан аяқталғандықтан, Индонезияда жол жүрушілер көбейді. Жалпы, 17 мың аралдан құралған бұл архипелагта кеме апаты жиі болып тұрады. Оларға негізінен қауіпсіздік ережелерін сақтамау себепші.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу