АҚШ-тың Колорадо штатындағы өрт кесірінен мыңдаған адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Колорадо штатындағы өрт кесірінен мыңдаған адам көшірілді

13.06.2018

АҚШ-тың Колорадо штатының оңтүстік-батысында ормандар қаулап жанып жатыр. Соның салдарынан аймақтағы 3,5 мың үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, ұлттық саябақ жабылған.

Биліктің мәлімдеуінше, өрт маусымның 1-де Сан-Хуан ұлттық орманында басталған. Оған не себеп болғаны белгісіз. Ал, эвакуация өткен аптада тілсіз жау тұрғын үйлерге жақындаған кезде жарияланды. Қазір жасыл желектердің 90 шаршы шақырымы лаулап жатыр.

Өрт сөндірушілердің жұмысын аптап ыстық пен жел және өсімдіктердің қатты құрғап қалғаны қиындатып отыр.

АҚШ-та ормандар жыл сайын өртенеді. Мәселен, былтыр елде 4 миллион гектар жер күлге айналған екен.

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу