Кітапханашыларға қойылатын талап күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кітапханашыларға қойылатын талап күшейді

09.06.2015
Кітапханашыларға қойылатын талап күшейді

Алматы менеджмент университетінде АҚШ-тың Колорадо штатындағы Денвер университетінің ғалымы, кітапханашы Джеффри Белл жас ғалымдар мен кітапханашыларға Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

«Академиялық адалдық: рецензияланатын баспаларда жариялану жолдары» тақырыбындағы жиында жас ғалымдарға ғылыми ізденіс жолында дұрыс бағыт көрсету жолдары талқыланды.

Бүгінде әлемде ақша табу үшін халықаралық ғылыми журналдардың жалған көшірмелері көптеп басылады. Ғылым талаптарына сай келмейтін зерттеулер жарияланатын жеке журналдар да көп.

Жалған басылымдар ғылым жолына қадам басқан студенттердің дұрыс бағыт таңдамауына ықпал етеді.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу