Жапонияның Окинава аралы маңында америкалық әскери ұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның Окинава аралы маңында америкалық әскери ұшақ апатқа ұшырады

11.06.2018

Жапонияның Окинава аралы маңында АҚШ-тың Әскери әуе күштерінің жойғышы апатқа ұшырады. Ол аспанға көтерілгеннен кейін көп ұзамай Наха қаласынан 80 шақырым қашықтықта мұхитқа құлаған. Абырой болғанда, экипаж мүшелері дер кезінде секіріп үлгерді. Пилоттарды жапондық Қорғаныс күштері құтқарған.

Осы оқиғаға байланысты Окинава префектурасының билігі апаттың себебі белгілі болғанға дейін, сол жерде орналасқан Америка әуе күштеріне тиесілі F-15 жойғыштарының ұшуын тоқтатуды талап етіп отыр. Ал, Жапонияның Қорғаныс министрі өз кезегінде АҚШ әскерилерін болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қажет шараларды қолға алуға шақырды.

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу