Испанияда мерекелік парадтан кейін ұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда мерекелік парадтан кейін ұшақ апатқа ұшырады

13.10.2017

Испанияда әскери парадтан кейін әскери ұшақ құлап, бір пилот жан тапсырды. Ұлттық күнге орай, мерекелік шеруге қатысқан әуе техникасы ел астанасынан 300 шақырым қашықтықта Альбасета әскери базасының маңында апатқа ұшырады.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, ұшақ ішіндегі пилот секіріп үлгермей қалған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында өрт шығып, тұрғындарға қауіп төндірген. Әзірге басқа зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Айта кетейік, кеше ел бірлігіне арналған парадқа король Филипп VI-ның өзі қатысқан еді.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу