Жапонияда 10 адам іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда 10 адам іздестіріліп жатыр

07.04.2023

Жапонияның Окинава аралдары тізбегінің маңында әскери тікұшақпен жоғалып кеткен 10 адам іздестіріліп жатыр. Әуе көлігі бейсенбі күні радар экранынан ғайып болған. Борттағылардың алтауы – жолаушы, төртеуі – экипаж мүшесі. Тікұшақ Миякодзима аралы маңындағы суда барлау жүргізу үшін аспанға көтерілді. Сол сәтте дәл осы аудан арқылы Қытай теңіз күштерінің кемелері Тынық мұхиттан Шығыс-Қытай теңізіне кетіп бара жатқан. Дегенмен, жапондық экипаж қытайлықтардың әскери әрекеттерін бақылады ма деген сауалға әзірге жауап жоқ. Судан Жапония армиясының тікұшағына тиесілі есік және басқа да сынықтар табылған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу