Испанияда су тасқынынан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда су тасқынынан бір адам қаза тапты

24.10.2019

Испанияның солтүстік-шығысындағы Каталонияны нөсер жауыннан тасқын жайлап, 1 адам қаза тапты. Тағы бесеуі жоғалғандар санатында. Қазір оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаза тапқан ер адамды машинасымен ағын су ағызып әкеткен. Нөсер жауыннан үйлерді су басып, адамдар баспанасыз қалған. Сондай-ақ, ондаған мың тұрғын электр жарығынсыз отыр. Және де жолдарды су шайып, көлік және пойыз қозғалысы тоқтады.

Өңірдегі Жирона провинциясында әлі де «қызыл» түсті дабыл сақталуда.

Табиғи апаттан Испаниямен қатар, Франция, Италияның бірқатар аймақтары да зардап шегіп жатыр. Францияда тасқыннан ондаған адамды эвакуациялауға тура келсе, Италияның Генуя және Турин қалаларында ағын судан екі жүргізуші мерт болды.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу