IV «Байқоңыр» инвестфорумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IV «Байқоңыр» инвестфорумы өтті

31.10.2014
IV «Байқоңыр» инвестфорумы өтті

Шараның басты мақсаты – шетелдік және отандық инвесторлар мен индустриялық, туристік, аграрлық салалардағы компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнату, инвестициялық климатты одан әрі жақсарту.

Форумға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Нидерланд, Чехия, Польша, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі, Жапония, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстаннан 300-ге жуық делегат қатысты.

Олар Байқоңырдың инвестициялық мүмкіндігімен танысты. Әлемге әйгілі қазақ жеріндегі ғарыш айлағынан «Союз-2» зымыран тасығышының ұшырылу сәтіне куә болды.

 

Шолпан ИСАБЕКОВА

Хабарламаларға жазылу