Астанада ауыл жастарының IV форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ауыл жастарының IV форумы өтті

07.12.2022

Астанада ауыл жастарының IV форумы өтті. Әр аймақтан келген белсенділер ауылдағы жастар саясаты, кадрлар әулеті сынды мәселелерді айтып, тұшымды пікірлерді ортаға салды. Мәселен, елді-мекендерде кадр тапшылығы сезіледі. Жалпы туған жерінде қалып, жұмыс істеймін деген жас маманға жағдай жасалады. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына өзгеріс енгізу жайы да сөз болды. Сондай-ақ, форумда өз өнімін Қырғызстан мен Ресейге экспорттап жатқан мамандар тәжірибесімен бөлісті.


Хабарламаларға жазылу