Басты Жаңалықтар Трамп саммиттен кетіп қалуы мүмкін

Трамп саммиттен кетіп қалуы мүмкін

Вашингтон Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынға келесі айға жоспарланған саммитте президент Дональд Трамппен «ойнамауды» ескертті. Мұндай мәлімдемені АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс «Фокс Ньюс» телекомпаниясына берген сұхбатында жасады. Оның сөзінше, Трамп маусымның 12-де өтетін кездесуден кетіп қалуы да мүмкін.

Бұған дейін АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Солтүстік Кореяны Ливия тәрізді ядролық қарудан бас тарттыруға болатынын айтқан-ды. Сол сөзден кейін Ким Сингапур саммитіне қатыспауы мүмкін екенін хабарлады.

Айта кетсек, Ливия лидері Муаммар Каддафи атомдық бағдарламасынан бас тартқаннан кейін 8 жыл өткенде Батысқа арқа сүйеген көтерілісшілердің қолынан қаза тапқаны белгілі.

Ал, осыдан бірнеше сағат бұрын Трамп-Ким саммиті жоспарын талқылау үшін Вашингтонға Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин барды.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу