Қытай Айдың арғы жағындағы миссия үшін спутник ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Айдың арғы жағындағы миссия үшін спутник ұшырды

21.05.2018

Қытай бүгін Айдың арғы жағын бақылайтын «Чанъэ-4» миссиясы үшін «Цюэцяо» ретранслятор-серігін ұшырды.

Спутникті ғарышқа елдің оңтүстік-батысындағы «Сичан» космодромынан «Чанчжэн-4» зымырантасығышы жеткізген. Бұл туралы Қытайдың Космостық ғалым және техника корпорациясы мәлім етіп отыр.

Ал, «Чанъэ-4» зерттеу аппаратының ұшырылуы үстіміздегі жылдың екінші жартысына жоспарланған. Айдың арғы жағынан тікелей байланыс мүмкін болмағандықтан, ретранслятор-спутник Жер мен «Чанъэ-4» арасындағы белгілердің берілуі үшін жауап беретін болады.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу