Қытайлық зонд Айдың топырақ үлгісін жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлық зонд Айдың топырақ үлгісін жинады

02.12.2020

Қытайлық зонд Айдың үстін бұрғылап, алғаш рет оның топырақ үлгісін жинады. «Чанье-5» аппараты ғарышқа қарашаның 24-де ұшырылған еді. Бұл миссияның мақсаты – аспан денесінен екі келідей материал әкеліп, ғалымдарға Айдың пайда болуын зерттеуге көмектесу. 

Қытай орбитаға алғаш рет 2003 жылы адам жіберіп, Марсқа кеме аттандырып, енді Айға адам қондыруды көздеп отыр. 

Егер осы миссия сәтті аяқталатын болса, Қытай АҚШ пен бұрынғы Кеңес одағынан кейін Айдың топырағын Жерге жеткізген үшінші мемлекетке айналады.

Арыстан Рысбек

Қытай Ай Марс

Хабарламаларға жазылу