Бейсенбіде Рамазан айы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейсенбіде Рамазан айы басталады

16.05.2018

Бейсенбіде әлемде миллиондаған мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасында Ислам дінін ұстанатындардың көп бөлігі Индонезияда тұрады. Мұнда 251 миллионнан астам тұрғынның 90 пайызға жуығы - мұсылман. Ораза басталғанда  елде көңіл-көтеру орындары, әсіресе, түнгі клубтар уақытша жұмысын тоқтатады.

Биыл Рамазан айына дайындық жоғары. Дегенмен, жергілікті халық азық-түлік бағасының шарықтап кеткенін айтып отыр. Ал, өткен жылдары үкімет қасиетті мереке кезінде қымбатшылыққа жол бермеуге тырысқан. Әсіресе, ет бағасының қымбаттауына қарсы шаралар қабылданды.

Индонезияда Рамазан айында мұсылмандар тиісті салт-жоралғыларды орындап, марқұм болған туған-туыстарының зиратына барып, үлкендерден кешірім сұрайды. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу